Ауғанстандағы алғашқы әйел мэр: Олар келіп, мені өлтіреді

/image/2021/08/16/crop-16_5_342x608_afganistan-in-ilk-kadin-belediye-baskani-beni-14334140_7689_osd.jpg

Ауғанстандағы алғашқы әйел әкім Зарифа Гафари Талибан Кабулды басып алғаннан кейінгі қорқынышы туралы айтты. Бұл туралы Son Dakika басылымы жазды.

Зарифа Гафари 2018 жылы Мейдан-и Вардак провинциясының ең жас әйел мэрі.

 Талибандар Гафариға жиі қастандық жасаған

Талибан Гафариді жиі қорқытып, бірнеше рет қастандық жасамақ болған. Қауіп-қатер күшейген сайын Гафариға Кабулдағы Қорғаныс министрлігінің күзетінде жаңа жұмыс берілді.

"Үш апта бұрын үлкен үмітім болды"

Талибан Кабулға кірерден үш апта бұрын Зарифа Гафари Майкл Дэйге берген сұхбатында ол әлі де Ауғанстанның болашағына үмітпен қарайтынын айтқан болатын.

– Жастар не болып жатқанын біледі. Оларда әлеуметтік желілер бар. Сол арқылы бір-бірлерімен сөйлесіп, қалайда прогресс үшін және біздің құқықтарымыз үшін күреседі, –деген еді Гафари.

"Талибанның келуін күтіп отырмын"

Алайда Талибан Кабулға кіргенде Гафаридің алаңдаушылығы арта түсіп, Гафари Талибан оның соңынан еретінін мәлімдеді.

– Мен талибанның келуін күтіп отырмын. Маған және менің отбасыма көмектесетін ешкім жоқ. Олар келіп, мені өлтіреді. Мен өз отбасымды тастап кете алмаймын. Оларды тастап қайда барамын?, – дейді ол.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи