Кабулдағы тәртіпсіздіктен кейін АҚШ президенті мәлімдеме жасады

/image/2021/08/17/crop-299_13_1056x1407_7ee00f5c-91d3-44e5-bff2-ffcbc4d02343.jpeg

"Талибан" қозғалысының шабуылы қайта қарқын алып, Ауғанстандағы ахуалдың нашарлауына қарамастан, АҚШ президенті Джо Байден бұл елден Америка әскерін әкету туралы шешіміне өкінбейтінін айтты, деп хабарлады Gazeta.ru.

Журналистермен өткен кездесу барысында Ақ үй басшысы Құрама Штаттар ауған күштеріне әуеден қолдау көрсетіп, қажетті жарақтармен қамтамасыз етуді ары қарай да жалғастыра беретінін жеткізді.

– Біз 20 жылда триллион доллардан аса қаражат жұмсадық. 300 мыңнан астам ауған сарбазын оқытып, заманауи жабдықтармен жарақтадық.

Олар тәліптерден сан жағынан да басым. Соған қарамастан біз өз міндеттемелерімізді ары қарай орындай бермекпіз. Бірақ әскерді әкету туралы шешіміме еш өкінбеймін, – деді АҚШ президенті.

АҚШ пен НАТО Ауғанстаннан әскерін шығара бастағаннан бері жағдай ушығып, тәліптер ірі қалаларға шабуылын күшейтті.

15 тамыз күні қарулы топтар Кабулдағы президент сарайына басып кірді. Президент Ашраф Гани Ауғанстаннан қашып, оның қай жерде екені әлі белгісіз.

Ал 16 тамыз күні "Талибан" қозғалысының ресми өкілі елде 20 жылға созылған соғыс аяқталып, жуық арада жаңа басқару формасы жарияланатынын мәлімдеді.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи