Денсаулық сақтау министрлігі 16 тамыз күнгі эпидемиологиялық жағдайды мәлімдеді.
Министрік мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 6869 адамнан коронавирус, 53 адамнан пневмония анықталған. 15 тамыздағы мәлімет бойынша 99 адам коронавирустан, 19 науқас пневмониядан көз жұмған.
Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың жалпы саны 701 345-ке жетті. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 65 818.
17 тамыздағы мәлімет бойынша, 120 488 адам коронавирус пен пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 30 996 пациент стационарда, 89 492 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
1910 адамның жағдайы ауыр, 529 пациенттің жағдайы өте ауыр, 251 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.
Түркістан облысы ғана "жасыл" аймақта.
17 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 6 138 795 адам, 2-компонентін 4 769 789 адам салдырған.
Оставить комментарий