АҚШ президенті Джо Байден теледидардан үндеу жолдап, АҚШ әскерлері қашанға дейін Ауғанстанда болатынын айтты.
Талибан қарулы күштері Ауғанстан астанасы Кабулға жетіп, әуежайда бейберекет болғаннан кейін АҚШ президенті Джо Байден Ақ үйден үндеу жасады.
"АҚШ әскерлері америкалықтар мен одақтас ауғандықтарды эвакуацияланғанша Кабулда болады" деді Байден.
Тәліптер 20 жылдық соғыстан кейін жеңісін жариялап, астананы бақылауға алған кезде, ондаған мың ауғандық Батыс елдеріне қашуға мәжбүр болды. Батыс елдері оларды алып кетуге уәде берген, алайда олар қазір Ауғанстанда қалып қойды.
Ақпараттар бойынша, Талибан Батыс үшін істеген адамдардың тізімін жасап, үйлерді аралап, оларды өлтіріп жатыр.
Байден Талибан жылдам жеңіске жететінін күтпегенін мойындады және оны Ашраф Гани биліктен кеткен соң үкімет басшылығының жоқтығымен, Ауғанстан қарулы күштерінің соғысуға ықыласы жоқ екенімен түсіндірді.
– Біз оларға өз болашағын анықтауға барлық мүмкіндік бердік. Біз оларға бере алмайтын нәрсе бар, ол болашақ үшін күресуге деген ерік, – дейді Байден.
Оставить комментарий