"Менің арым таза". Болат Әбілов "Бутя Капитал" акционерлерінің ақшасына байланысты пікір білдірді

/image/2021/08/17/crop-3_50_186x330_imgonline-com-ua-frame-blurred-q2sgmkg1eg.jpg

Белгілі кәсіпкер Болат Әбілов медиакәсіпкер Арманжан Байтасовқа берген сұхбаттар сериясы барысында "Бутя Капитал" холдингіне ақша салып, қаражатын қайтара алмай қалған жағдайлар туралы сұраққа жауап берді.

– Жаппай жекешелендіру 1993 жылы басталды. Біздің үкімет жекешелендіруді дұрыс жүргізбеді. Қолыңда ірі кәсіпорынның 10 пайыз акциясы болуы мүмкін, бірақ онымен ештеңе жасай алмайсың. Ал Ресейде қалай еді... Ол жақта (акцияны - ред) ақшаға, араққа ауыстырып жатты. Адам қолында 1 мың рубль болуы мүмкін. Онымен не істегісі келсе де өзі біледі. Ал біздегі адамдарда бір тілім қағаз бен ана жақта біреу сен үшін ақша жасайды деген сенім ғана болды. Иә, біз ақша табуға дайын едік. Бірақ ештеңе жоқ болса, бәрі қирап жатса, не істейміз. Есімде бір қалада металл зауыттың 10 пайыз акциясын сатып алдық. Аты дардай, келсек зауыт ескі, қап-қараңғы, құрал-жабдығы Сталин заманынан бері жаңармаған. Сол кезде балаларға арналған "Балдырған" велосипедін шығарып жатыр екен. Онысы зілдей, бала тұрмақ, ересек адам көтере алмайды. Тағы бір фабриканың 10 пайыз акциясын сатып алғанымыз бар. Кеңес одағы кезінде ол жерде 2 мың адам істеген. Барсақ, шағын ғана бөлме. Барлығы жабылған. Жарыққа, жылуға төлей алмай отыр. Біз мұндай кәсіпорынды не істейміз... Сол кезде 164 қор болды. Бірақ мен моральдың жауапкершілікті сезіндім. Сондықтан жұрт алдына шығып, бізге сенуін сұрадым. "Бутя Капитал" Қазақстандағы ең үлкен холдинг болды. Купондардың үштен бірі бізге тиесілі еді. Бірақ біз оған ештеңе істей алмадық. Керісінше үлкен шығынға баттық. Мен өз қалтамнан ондаған миллион доллар төледім. Бізде 2 жарым миллион акционер болды. 500 мыңы қайта тіркеуге келді. Біз оларға қандайда бір қаражат төлей алдық. Сондықтан бұл жерде менің арым таза. Бизнесмен көзімен қарасақ, табыс таппасақ, керісінше шығынға батсақ, онда неге төлеуге тиіспіз. Бірақ біз ақшаны қайтардық. Сол кезде елде бізден басқа бірде-бір қор акционерлерінің ақшасын қайтарған жоқ, – деді Болат Әбілов.

Оставить комментарий

Связанные Статьи