Ақмолада шенеунік пара алу күдігімен ұсталды

/image/2021/08/17/crop-49_10_581x774_67061.jpg

Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы пара алу күдігіне ілінді. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
 
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақмола облысының "Ауыл шаруашылығы басқармасы" ММ басшысына қатысты тергеу жүргізуде. Ол облыс кәсіпкерлерінен өз өкілеттігінің аясына кіретін шешім қабылдағаны үшін ірі мөлшерде пара алды деп күдіктенді" делінген хабарламада.

А. Ж. 14 тамызда соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи