Түркістан облысы Қостөбе ауылындағы мектеп апатты жағдайда тұр. Бұл туралы 31 телеарна хабарлады.
Тұрғындардың сөзінше, осыдан 10 жыл бұрын соғылған мектепке 200 млн теңге қаржы жұмсалған. Алайда білім ғимаратының бүгінгі сапасы сын көтермейді. Қабырғалары жарылып, сылақтары түсіп, еден опырылып түсуге шақ тұр. Ал 1 қыркүйек болса жақындап келеді.
– Біздің балаларымыз мұнда қалай оқиды? Мектепті соққан мердігер кепілдік мерзімі аяқталды деп, сапаға жауап бермейді. Мектеп 150 оқушыға арналған, біз балаларымызды жіберуге қорқамыз, – дейді Қостөбе ауылының тұрғыны Тастан Қуатбеков.
Ал аудандық білім басқармасының өкілі, бәрі ата-аналар айтқандай қорқынышты емес, тек мектеп асханасы мен "Б" корпусы жөндеуді қажет етеді дейді.
– Мектепке күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттаманы дайындап, 6 млн 939 мың теңге бөлу туралы облыстық басқармаға тиісті хат жолдадық, – деді Төлеби ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің маманы Пернебек Асанов.
Аудандық білім бөлімі, ғимаратты 2022 жылы толығымен жөнделетінін айтты. Десе де жаңа оқу жылында балалар мектепке барады. Ал аталған Б корпусы жөндеу аяқталғанға дейін жабық тұрады.
Оставить комментарий