"Біз енді ауғандықтардың Кабул әуежайына баруына рұқсат бермейміз". Тәліптер ескерту жасады

/image/2021/08/25/crop-5_4_353x628_taliban-afganlarin-kabil-havalimani-na-gitmes-14352198_osd.jpg

Тәліптер бұдан былай елдегі ауғандықтарды Кабул әуежайына кіргізбейтінін айтты. Бұл туралы Би-би-си ақпарат агенттігі хабарлады.

Кабулда өткен баспасөз мәслихатында Талибан өкілі Забихулла Мужахид аймақтағы тәртіпсіздікке байланысты Ауғанстан азаматтарын әуежайға кіргізбейтіндерін мәлімдеді. Ол әуежайдың айналасындағы халықтың үйлеріне қайтуға шақырып, олардың қауіпсіздігіне кепілдік беретінін жеткізді.

Сондай-ақ ол АҚШ үкіметінің адамдарды әуежайға шақыруын жалғастырып жатқанына қатысты былай пікір білдірді.

– Біз америкалықтардан ауғандықтарды елден кетуге шақырмауын сұраймыз. Өйткені олардың ішіндегі білімді, таланттылары бізге қажет, – деді Мужахид.

Забихулла Мужахид елдегі БАҚ, ауруханалар, мектептер, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен университеттер қайтадан жұмыс істей бастағанын да сөз арасына қоса кетті.

Елдегі елшіліктердің қауіпсіздігіне де кепілдік беретіндерін айтқан Талибан өкілі басқа елдерді елшіліктерін жаппауға шақырды.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи