Тәліптер Байденге дегенін жасатпақ

/image/2021/08/25/crop-9_5_436x774__120237708_1550fd50-ac02-41a6-a93d-626b040e4c77.jpg
АҚШ президенті Джо Байден 31 тамызға дейін Ауғанстандағы барлық америкалықтар мен ауғандарды эвакуациялауды аяқтауға тырысатындарын мәлімдеді. Сөзінше, эвакуацияның қазіргі қарқыны бұған мүмкіндік береді, деп жазады Би-би-сидің орыс қызметі.

Байден 14 тамыздан бері Кабул әуежайынан 70700 адам эвакуацияланғанын айтты. Сейсенбіде АҚШ-тың "үлкен жетілік" бойынша одақтастары Байденнен эвакуация мерзімін ұзартуды сұраған. Бұған дейін Байденнің өзі де Талибан ұйымымен эвакуациялау мерзімін ұзарту бойынша келіссөз жүріп жатқанын жеткізген. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки эвакуацияны 31 тамыздан кейін де жалғастыру Талибан ұйымы тарапынан қарсылық болмаған жағдайда ғана жүзеге асатынын мәлім еткен. Бірақ Талибан ұйымының өкілі Сухейль Шахин АҚШ пен Ұлыбритания белгіленген мерзімде әскерін Ауғанстаннан шығармаса, салдары ауыр болатынын айтып, эвакуацияны жалғастыруға келіспеді.

Сейсенбіде Кабулге ЦРУ директоры Уильям Бернс ұшып барғаны, тәліптер көшбасшыларының бірі Абдул Ғанимен кездесетініні хабарланған. Алайда тәліптер Ауғанстаннан кеткісі келетіндер шетел әскері елден шығарылғаннан кейін коммерциялық рейстер қалпына келтірілгенде кете алатынын айтқан. Олар сондай-ақ ауғандардың елде қалғанын құп көретінін жеткізген.

Ал Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон сейсенбіде тәліптерді Ауғанстаннан кеткісі келетіндерге 31 тамызға дейін де, кейін де кедергі жасамауға шақырған.

Оқи отырыңыз:

♦ "Үнсіз қалмаймыз". Талибан қозғалысы АҚШ пен Ұлыбританияға ескерту жасады

 

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи