Кабулдағы әуе шабуылы салдарынан 9 бейбіт тұрғын көз жұмды. Бұл туралы Си-Эн-Эн телеарнасы хабарлады.
Қайтыс болғандардың барлығы бір отбасының мүшелері. Оның 6-ауы – балалар. Ең кішкентайы 2 жаста.
Әуе шабуылын Американың әскерлері ұйымдастырғаны анықталды. Олар ″Ирак пен Левант лаңкестік тобының″ содыры отырған көлікті көздеп, оны зымыранмен атқылаған.
Қолда бар мәлімет бойынша лаңкестік ұйым өкілдері өздерін әуежайда жарып жібермек болған. Алайда АҚШ әскерлері лаңкестік ұйым әрекетінің жолын кескен.
Оставить комментарий