Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 15-ке жетті

/image/2021/08/30/crop-153_12_432x576_1c42b33e-2ba9-4da5-a7eb-571cd17f8b01.jpeg

Жамбыл облысында жарылыс болған жерден тағы бір адамның денесі табылды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

"Жамбыл облысында болған жарылыстан қаза тапқандар саны 15 адамға жетті. Қаза тапқандардың арасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері де бар" делінген департамент таратқан хабарламада.

Жоғалған тағы бір адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда.

26 тамыз күні Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан қоймадағы оқ-дәрі жарылып, салдарынан 15 адам қаза тапқан. Олардың арасында өрт сөндірушілер, төтенше жағдай министрлігінің, әскери бөлімнің, әскери күзет пен әскери прокуратураның қызметкерлері бар. Әскери бөлімнен жарты шақырым жердегі Қайнар ауылындағы үйлер бүлінген.

Жарылыстан қаза тапқандардың толық аты-жөні:

Ефрейтор Р.С.Жанболатов – 40 жаста

Сержант М.С.Мершімбай – 40 жаста

Старшина Е.Е.Нәдірбеков – 41 жаста

Азаматтық қызметкер О.Д.Дәлібаев – 59 жаста

Оңтүстік өңірдің әскери прокуроры А.Қ.Қапезов – 44 жаста

Сержант-өрт сөндіруші А.С.Темірболатов – 28 жаста

Полковник М.К.Айманов – 45 жаста

Подполковник А.Н.Микропуло – 50 жаста

Сержант, аға өрт құтқарушысы Е.Қ.Сандыбаев – 30 жаста

Сержант, аға өрт құтқарушысы Т.Қ.Төребеков – 40 жаста

Майор С.Ж.Әлімбеков – 36 жаста

Майор, қарауыл басшысы С.В.Заикин – 41 жаста

Аға сержант, жүргізуші Г.Ж.Қуатбек – 26 жаста

Кіші сержант, өрт құтқарушысы Ә.Қ.Әділбек – 25 жаста

Қатардағы өрт сөндіруші Ә.Б.Кеңес – 22 жаста

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи