Жамбыл облысында ірі жол көлік оқиғасы болды. 11 автокөлік соқтығысып, салдарынан 10-нан астам адам зардап шекті. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
Оқиға 30 тамыз күні "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" тас жолының 393-ші шақырымында Алматы бағытында болған. Бір мезетте 11 автокөлік соқтығысып, бірнеше адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Қайтыс болғандлар жоқ.
Жол көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оставить комментарий