Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының білім беру қызметіне қойылатын талаптар өзгергенін хабарлады.
Бұл жаңашылдықтар мамандықтарға байланысты енгізілді және жоғары білімнің практикалық бағдарлануын күшейтуге бағытталған.
– Біз барлық жаңашылдықты жоғары оқу орындары білім алушыларға теориялық қана емес, практикалық білім беруі үшін және студенттер таңдаған мамандығы туралы теория бойынша емес, тәжірибе жүзінде игеруі үшін енгіземіз. Өзгерістерді енгізбес бұрын, біз бұл тетіктерді болашақта ЖОО түлектерін жұмысқа қабылдайтын жұмыс берушілермен талқыладық. Яғни, қазір оқытушылардың ғылыми дәрежесінің болуы және олардың дәріс оқуы жеткіліксіз. Оқытушылардың бір бөлігі студенттерді қазіргі еңбек нарығының сұраныстарына сай оқыта алатын тәжірибелі маман болуы маңызды, – деді БҒМ білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Г.Көбенова.
Оқи отырыңыз: Білім министрлігі жаңа оқу жылы қарсаңында мәлімдеме жасады
Оставить комментарий