Шымкенттік дәрігерлер денесін толықтай күйік шалған жігітті аман алып қалды

/image/2021/09/01/crop-63_42_843x1124_11.jpg

Денесің 92 пайызы күйік шалған ер азамат шымкенттік дәрігерлерге алғысын жеткізді. Өркен Нахыпбек жұмыс барысында орын алған жарылыс салдарынан жарақаттанған.

Алғашында Қызылорда облысындағы ауруханалардың бірінде жан сақтау бөліміне түскен науқастың жағдайы ауыр болыпты. Анасының айтуынша, онда комбустиолог дәрігер болмаған көрінеді. Науқасқа мегаполистің ақ халаттылары көмекке келген.

31 шілде күні Қызылорда облысындағы мұнай өндірісінде жарылыс орын алды. Дизель отынының жануы салдарынан үш азамат түрлі деңгейде дене жарақатын алған. Оның бірі 24 жастағы Өркен Нахыпбек. Айтуынша, алғашқы көмек көрсетілген соң жергілікті ауруханаға жатқызылыпты. Денесінің 92 пайызы күйік шалған ер азамат 7 күннен соң Шымкентке жеткізілген. Өмірге қайта келгендей болдым деген ол дәрігерлерге ерекше алғысын жеткізді.

Қазір осы ауруханаға түскелі 20 күннен асып қалды. Осы аралықта осы нәтиже. Отыра алмай жатыр едім, тек жататын едім. Міне бір аптадан бері өзім отырамын. Дәрігерлер әйтеуір күш беріп, тұр деп тұрғызды. Дәргерлерге айтар алғысым шексіз. Осы кісілердің арқасында осы жағдайға жеттім. Жағдайым ауыр еді.

Өркеннің анасының сөзінше Қызылордада күйік шалған науқасты емдейтін дәрігер болмаған көрінеді. Ал шымкенттік ақ халаттылар дереу көмек көрсетуге дайын болды дейді ол. Мұнда 3 күн ішінде жан сақтау бөлімінен бөлімшеге ауыстырылып, жағдайы бірқалыпқа түсіпті.

Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы өте ауыр болған. Жолды көтере алмайтындықтан екі рет арнайы комбустиолог дәрігер барып жағдайды бақылап отырыпты. Ал, онда хирург пен травматологтардың қадағалауында болған екен.

Өте ауыр жағдайда түскен науқасты біз жан сақтау бөліміне жатқыздық. Шоққа қарсы терапия, ауруды басу терапиясы, күйіктің өзінің емдеу бойынша барлық ем толыққанды қаматамасыз етіліп, тағайындалды. Науқас әлі де емін жалғастырады. Құдай қаласа, біз бір апта көлемінде үйіне шығарамыз деп жоспарлап отырмыз.

Айта кетейік, орталықта жыл басынан бері күйік шалған 1200-ден аса адам ем қабылдаған. Оның 60 пайызы үй жағдайында жарақаттанған болса, 40 пайызы өндірістік жұмыс орында зардап шеккен екен.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи