АҚШ президенті Джо Байден америкалық күштерді Ауғанстаннан шығару туралы шешімін қорғап жатыр.
АҚШ бастаған әскерлер 2001 жылғы 11 қыркүйек шабуылынан кейін Ауғанстанға кіріп, Талибанды ығыстырып шығарған. Ол кезде шабуыл үшін Ауғанстанда орналасқан "Аль-Каида" ұйымы айыпталды.
Вашингтонның әскери күштерін шығаруы АҚШ жылдар бойы дайындаған және қаржыландырған ауған қауіпсіздік күштерінің күтпеген жерден құлдырауына әкеліп соқты. Байденнің шешімін америкалықтар да, одақтастары да қатты сынға алды. Байденге импичмент жариялауға шақырған АҚШ сенаторларының саны көбейе түсті. Тіпті "Байденді қызметінен алу керек, соттау керек" деген санаторлар да болды..
Ал, Байдан АҚШ күштерін эвакуациялау аяқталғанан кейін өз шешімін дұрыс деп санайтынын айтып, үндеу жариялады. Ол әуе тасымалы арқылы 120 мыңнан астам адамды әкелгені АҚШ әскерін мақтады.
"Мен бұл мәңгілік соғысты ұзартқым келмеді, мәңгілікке шығудың соңғы мерзімін ұзартпадым" деді Байден. Ол Ауғанстандағы соғыс аяқталғанын айтты.
Байден АҚШ әскерін Ауғанстаннан шығару туралы 19 рет ескертілгенін айтты. Ол одақтас Ауғанстан басшыларын "сыбайлас жемқорлық пен заңсыздық" жасады деп айыптаса, Трамп әкімшілігін "Талибанмен келісімсіз шығатын келіссөз жүргізген" деп айыптады.
Байденнің сөзінше, АҚШ-тың Ауғанстанда ешқандай маңызды мүддесі жоқ. АҚШ-тың сыртқы саясаты әскери орналастыруға емес, Қытай мен Ресей сияқты қарсыластармен күресу үшін дипломатия мен халықаралық ынтымақтастыққа байланысты.
Қоғамдық сауалнамалар америкалықтар АҚШ-тың Ауғанстаннан шығуын әлі де қолдайтынын көрсетеді, дегенмен көпшілік Байденнің эвакуацияны қалай жүзеге асырғанына наразы. Ақ үй шенеуніктері уақыт өте келе халық президенттің істегеніне ризашылық білдіретініне сенеді және оның қалай аяқталғанын ұмытады.
Бұған дейін G7 елдері – Ұлыбритания, Канада, Франция, Германия, Италия, Жапония және АҚШ Ауғанстаннан халықаралық күштерді эвакуациялау күнін талқылап, Байденді эвакуацияның аяқталу күнін ұзартуға көндіргісі келген. Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Франция президенті Эммануэль Макрон, Германия канцлері Ангела Меркельмен бірге эвакуация мерзімін ұзарту керек екенін айтқан. Бірақ, АҚШ президенті олардың өтінішін тойтарып, өз шешімін "террористік шабуыл қаупінің артуымен" байланыстырған.
АҚШ президенті бұған дейін Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропалық Одақ және НАТО-дағы әріптестерімен кездескенін мәлімдеген.
Франция эвакуацияны аяқтау үшін көбірек уақыт қажет екенін айтып, мерзім таяған сайын алаңдаушылық білдірген. Германия сыртқы істер министрі Хейко Маас НАТО одақтастарымен және Талибанмен Кабул әуежайын белгіленген мерзімнен кейін де ашық ұстауды талқылап жатқанын айтқан. Ұлыбританя премьер-министрі Борис Джонсон G7 саммитінде АҚШ әскерлерінің Ауғанстанда қалу мерзімін ұзартуды сұрайтынын мәлімдеген және АҚШ президенті Джо Байден эвакуация мерзімін ұзартатын шешім шығарады деп күтілген болатын.
Кейінірек, Байденнің ең жоғары тыңшысын Талибанмен келіссіөз жүргізуге жібергені хабарланып, келіссөздің "соғыс жағдайында" өткені айтылған. Ал, Талибан қозғалысының өкілі эвакуациялау мерзімін ұзартуға қарсы екенін жариялап, оның "ауыр салдары" болатынын айтқан.
Оставить комментарий