Шымкентте жаңа оқу жылында 20 жаңа мектеп ашылды

/image/2021/09/01/crop-133_66_750x1000_114806837300.jpg

Шымкент қаласында мемлекеттік білім беру бағдарламасы табысты жүзеге асып жатыр. Биылғы жаңа оқу жылында қалада 20 жаңа мектеп ашылып, 2 мектептің қосымша корпусы аяқталды. Осылайша мегаполисте апатты мектептер жойылып, үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9-ға азайды. Жыл соңына дейін тағы 4 жаңа мектеп ашылады.

«Тұран» шағын ауданында ашылған жаңа мектеппен танысу барысында қала әкімі М.Әйтенов Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Шымкент қаласында білім беру инфрақұрылымы қарқынды дамып келетінін айтты.

Сонымен бірге қала басшысы 2025 жылға дейін мегаполисте 72 мектеп салу жоспарланғанын айтып, оның ішінде осы жылы 24 мектептің құрылысы салынып, бүгін 20 білім ұйымы пайдалануға берілгенін жеткізді. Бұдан бөлек, екі мектеп жанынан қосымша оқу корпусы салынды. Жыл соңына дейін тағы 4 мектеп ашылады деп күтілуде. Осылайша биылғы жаңа оқу жылын апатты мектепсіз бастап отырмыз деген әкім 2023 жылға дейін қалада үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешілетінін мәлім етті.

Барша ұстаздар мен шәкірттерді Білім күнімен және жаңа мектептің ашылуымен құттықтаған Мұрат Әйтенов мектеп табалдырығын алғаш рет аттап отырған бірінші сыныптың бүлдіршіндеріне сәттілік тілеп, оларға әліппе табыстады.

Қала әкімі 1200 орындық оқу кешенін ардагерлермен бірге аралады. Абай сыныбы, STEM-кабинеті, шахмат бұрышы, еңбек шерберханаларымен танысты. Құрылыстың сапасы мен дизайнына мән берген шаһар басшысы жаңа мектепке оң бағасын беріп, мектеп директорына санитарлық шаралардың сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Айта кетейік, пандемияға байланысты алғашқы қоңырау іс-шарасы мектеп ауласында білім табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін ғана ұйымдастырылды, қалған сынып оқушыларына санитарлық талаптарды сақтай отырып сынып сағаты өтті.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи