Денсаулық сақтау министрлігі 1 қыркүйектегі эпидемиологиялық жағдайды мәлімдеді.
Министрік мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 4880 адамнан коронавирус, 460 адамнан пневмония анықталған. 31 тамызда 93 адам коронавирустан, 21 науқас пневмониядан көз жұмған.
Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың жалпы саны 798 671-ге жетті. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 70 250.
2 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 104 835 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 22 388 пациент стационарда, 82 447 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
1 590 адамның жағдайы ауыр, 479 пациенттің жағдайы өте ауыр, 226 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Бірінші қыркүйектегі жағдай бойынша коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" аймақта Түркістан облысы тұр.
"Сары" аймақта Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары бар.
Ал "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары бар.
2 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 6 709 478 адам, 2-компонентін 5 502 652 адам салдырған.
Оставить комментарий