Ресей шекара қызметі жүк көліктерінің технологиялық өтуін қамтамасыз ету үшін жаңа талаптар енгізді. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
– Жүргізушілерді жүкті дәл тексеру аймағына түсіруге мәжбүрлейді, бұл көп жағдайда жүктің бұзылуына әкеледі. Тасымалдаушылар автокөліктердің тек үштен екісін ғана толтыруға мәжбүр. Мысалы, "Газельдерде" 8 тоннаның орнына енді 4-тен 6 тоннаға дейін тұтыну тауарлары тиеледі. Ауыр жүк көліктері енді 30-40 тоннаның орнына 15-20 тонна тауар тасымалдап жүр. Соның салдарынан көлік шығыны ұлғайып, тауар бағасы өсуде, – деді Тоқаев.
Тоқаев мемлекеттік шекараның қауіпсіздігін қамтамасыз ету әр елдің басты міндеті екенін және Қазақстан қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарайтынын айтты.
Оқи отырыңыз: Путин: Қазақстан АЭС салу туралы шешім қабылдаса, біз көмектесуге дайынбыз
Оставить комментарий