Денсаулық сақтау министрлігі 8 қазандағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат таратты.
Министрік мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 1940 адамнан коронавирус, 150 адамнан пневмония анықталған.
7 қазандағы дерек бойынша, елде коронавирустан 30, пневмониядан 13 адам көз жұмған.
Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың жалпы саны 902 061-ге жетті. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 77 056.
Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 7 831 773 адам, 2-компонентін 6 864 781 адам салдырған.
9 қазандағы мәлімет бойынша, 54 250 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 9 384 пациент стационарда, 44 866 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
703 адамның жағдайы ауыр, 203 пациенттің жағдайы өте ауыр, 135 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары "Қызыл" аймақта орналасқан.
Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары "Сары" аймақта.
"Жасыл" аймақта – Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстары.
Оставить комментарий