Алматы облысында үш көлік соқтығысып, 1 адам қайтыс болды. Жол апатының бейнежазбасы kris.p.almaty | Official Telegram парақшасында жарияланды.
Оқыс оқиға 8 қазан күні кешкі сағат 17:30 шамасында Алматы-Көкпек-Көктал тасжолында болған.
"Еңбекшіқазақ ауданында 20 жастағы Mersedes Benz көлігінің жүргізушісі Алматы-Көкпек-Көктал тасжолының 39 шақырымында рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кетіп, Audi C4 және Toyota Camry көліктеріне соғылған. Салдарынан Mersedes Benz көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Тағы 2 адам түрлі дене жарақаттармен ауруханаға жеткізілді" делінген облыстық полиция департаменті таратқан хабарламада.
Қазір аталған іс қылмыстық кодекстің 345 бабы 3-бөлігі (абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталған.
Оставить комментарий