Үндістанда тасқын болып, ондаған адам қаза тапты

/image/2021/10/18/crop-4_0_363x653_072756332300.jpeg

Үндістанның оңтүстігіндегі Керала провинциясында су тасқынынан 24 адам қаза тапты. Қаза тапқандардың арасында бес бала бар екені хабарланды. "Көптеген адамдар із-түссіз жоғалып кеткендіктен, өлім саны артуы мүмкін" деп мәлімдеді жергілікті БАҚ.

Аймақта түсірілген видеодан автобус жолаушыларының тасқын судан құтқарылып жатқанын көруге болады.

"Коттаям және Идукки ең көп зардап шеккен екі аудан. Нөсерлі жауын-шашын адам өліміне әкелетін апатты тудырды" деп жазды жергілікті басылымдар.

Шенеуніктердің хабарлауынша, әскери керекті заттар мен қызметкерлерді жеткізу үшін дағдарыс болған аймақтарға тікұшақтар жіберіледі. 

Мыңдаған адам эвакуацияланған және 100-ден астам көмек лагерлері құрылған.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи