Қазақстанда келер айдан бастап 12 жасқа толған балаларға вакцина салынады

/image/2021/10/27/crop-127_28_1159x1545_000571148w.jpg

Келер айдың соңында елде 12 жасқа толған балаларға коронавирусқа қарсы екпе салына бастайды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері хабарлады.

12 жасқа толған балаларға коронавирусқа қарсы екпе салу үшін елге арнайы Pfizer компаниясының вакцинасы әкелінеді. Екпе медициналық мекемелерде ғана салынады. Оның өзінде ата-аналар баласына екпе салдыруға жазбаша түрде рұқсат беруі тиіс.

Екпе салмас бұрын әр баланың денсаулығы тексеріледі. Вакцинаның дозасы 0,3 миллилитр. Ақ халаттылардың сөзінше, қан аурулары, сал ауруына шалдыққан, Даун синдромы бар жасөспірімдерге де вакцина салдыруға болады.

– Балалар тек қана тасымалдаушы болады екен, оларда коронавирус жеңіл өтеді екен деген тағы бір түсінік бар. Баланың ағзасына вирустың көп дозасы түссе, ол ауыр деңгейде өтуі мүмкін. Халық арасында дұрыс түсінік болуы қажет. Бұл вакцина балаларымыздың денсаулығына коронавирустың зардабын төмендетеді, – дейді ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ҰО басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева.

Бұған дейін үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустың таралуы бойынша алдағы үш айға арналған жаңа болжам жариялаған еді.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи