Атырауда атыс болып 1 адам қаза тапты

/image/2021/10/31/111.jpg

Атырау облысында тасжолда атыс болды, бір адам қаза тапты, деп хабарлады "Ақ Жайық" сайты. 

30 қазанда сағат шамамен 19:30-да Атырау-Ақтөбе тасжолының 331-шақырымында Қызылқоға ауданы Сағыз ауылының маңында ауылдастар арасында атыс болған.

Салдарынан алты адам жарақат алған. Оның ішіндегі 35 жастағы ер адам сол жерде көз жұмды, 29 жастағы жігіт жарақатпен аудандық ауруханаға жатқызылған.

"Зардап шеккендер Сағыз ауылдық дәрігерлік амбулаториясына жеткізілді. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Екі күдікті анықталды, бірі ұсталып, қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің 24-99-бабы (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу/Адам өлтіру)
бойынша соталды тергеу басталды" делінген Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде. 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи