"ҚазТрансОйл" АҚ бас директорының міндетін уақытша атқарушы, басқарма төрағасы болып Сәбит Арынов тағайындалды. Ақпарат Қазақстан қор биржасының сайтында хабарланды.
Сәбит Арынов "ҚазТрансОйл" басшысының орынбасары лауазымына 2018 жылдың ақпан айында тағайындалған.
Бұған дейін "ҚазТрансОйл" АҚ басқарма төрағасы Димаш Досанов қызметінен кеткен. Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаеваның күйеуі. Досановпен қатар Дариға Назарбаеваның күйеуі Қайрат Шәріпбаев та қызметтерінен босатылған.
Оставить комментарий