"Украинаның экономикасына зиян келеді". Киев батыс елдерін Ресейден үрейленбеуге шақырды

/image/2022/01/29/crop-30_22_1461x1947_30c3b0211b684199f716d03af7c37a62.jpeg

Украина президенті Владимир Зеленский батыс елдерін үрейленбеуге шақырды.  Ол журналистерге жақын арада Ресейдің Киевке шабуыл жасауы туралы ескертулер Украина экономикасына қауіп төндіретінін айтты.

АҚШ президенті Джо Байден Ресейдің келесі айда Украинаға шабуыл жасау "мүмкіндігі анық" екенін айтқан

Алайда Мәскеу шабуылды жоспарлап отырғанын жоққа шығарады және жұма күні Ресей сыртқы істер министрі "Мәскеу соғысты қаламайды" деп мәлімдеді.

Ресейдің Украина шекарасында 100 000-ға жуық әскері болса да, Зеленский былтыр көктемде дәл осындай орыс әскері жиналған кездегіден үлкен қауіп көрмегенін айтты.

"Тіпті мемлекеттердің құрметті басшылары да сигнал беріп жатыр, олар ертең соғыс болады дейді. Бұл дүрбелең..." деді ол Киевте өткен баспасөз мәслихатында.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи