Тоқаев Кариннің өкілеттігін арттырды

/image/2022/01/31/crop-215_20_700x934_a5386fc0-5f2d-45be-a6b1-c21324028965.jpeg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мемлекеттік хатшысының өкілеттігіне өзгерістер енгізді.

Тоқаевтың 25 қаңтардағы №787 жарлығына сәйкес, мемлекеттік хатшы төмендегі өкілеттіктерді жүзеге асырады:

  • Ішкі саясат саласында президентке стратегиялық ұсыныстар әзірлейді;
  • саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің және жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметін үйлестіреді;
  • Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қызметін қадағалайды;
  • "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын тағайындау жөніндегі жұмысты үйлестіреді.

Сонымен қатар, мемлекеттік хатшы:

  • мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша парламентпен, саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынаста және халықаралық қатынастарда оның атынан өкілдік етеді;
  • мемлекет басшысы жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың, әлеуметтік-гуманитарлық сала мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіреді.
  • қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік талдау құрылымдарының жұмысын үйлестіреді;
  • президенттің тапсырмаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ерлан Қарин 5 қаңтарда мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалған болатын. Оған дейін ол президент көмекшісі, кеңесшісі болған.

Оставить комментарий

Связанные Статьи