Антикор Қазақстанның бірнеше өңірінде шенеуніктер ұсталғанын хабарлады

/image/2022/01/31/crop-13_7_436x774_photo_387482.jpeg

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстанның бірнеше өңірінде ауыл шаруашылығы басқармалары қызметкерлерінің ұсталғанын хабарлады.

"Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы – В. Гайламазян, Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары – Е. Кулкеев және Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары – Б. Ізімтаев ұсталды" делінген хабарламада.

Ведомство Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар жарияланбайтынын мәлімдеді.

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи