"Украина: 5 ұшақты атып түсірдік", "Ресей: Ешкім қарсылық танытып жатқан жоқ". Украинадағы ахуал

/image/2022/02/24/crop-19_26_706x1255_photo1645681516.jpeg

Қазіргі уақытта Ресей Украинаға "арнайы әскери операция" сылтаумен әскери шабуыл жасап жатыр. Қамшы порталы түрлі дереккөздерден ақпарат жинап, ахуал барысын ұсынады.

Түрлі ақпараттарда Украина шекарасына қарай Ресей жақтан көптеген әскери техника жылжып келе жатқаны айтылады.

CNN Украинаға Беларусь шекарасы арқылы Ресей танктері бара жатқанын хабарлады.

Украинада әскери жағдай жарияланып, Украина президенті Владимир Зеленский әлем елдеріне Путинге қарсы коалиция құруға шақыруда.

Украина әуе кеңістігі толықтай жабылған.

НАТО шұғыл түрде жиын өткізбек. Еуро одақ Ресейді әскери қимылдарды доғаруға шақырып жатыр.

Киев, Харьков секілді ірі қалаларда жарылыс даусы естіледі. Халық дүрбелеңге түскен. Супермаркеттерде, банкоматтарда, жанар-жағармай құю бекеттерінде ұзын-сонар кезек.

Украинаның төтенше жағдай қызметі Луганск облысында екі ауылды басқыншылар басып алғанын, Киев облысында әскери қару-жарақ қоймасы өртенгенін жариялады.

Киев метросына адамдар тегін кіргізіліп, жерасты транспорты бомбыдан жансауғалайтын жер ретінде қызмет етуде.

Украинаның бас штабы Донбасста бес ұшақ пен тікұшақ атып түсірілгенін айтса, Ресей қорғаныс министрлігі Украина шекарасында өздеріне ешкім қарсылық танытып жатпағанын жеткізді.

Оқи отырыңыз:

♦ Зеленский брифинг өткізді. Адам шығыны туралы алғашқы ресми деректер айтылды

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи