Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталған бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановты қамау мерзімі 20 маусымға дейін ұзартылды. Бұл жөнінде Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Қаңтар айының ортасында президент Мұрат Бектановты қорғаныс министрі лауазымынан босатқан еді. Тоқаев экс-министр қаңтар оқиғасы кезінде командирлік қабілетін көрсете алмағанын айтты.
19 ақпанда бас прокуратура Қылмыстық кодекстің "Биліктегі әрекетсіздік" бабы бойынша бұрынғы министр Мұрат Бектановтың үстінен қылмыстық іс қозғап, 20 қаңтарда екі ай мерзімге қамауға алған еді.
Оставить комментарий