Владимир Зеленский Харковь облысына жасаған сапарында Украина Қауіпсіздік қызметі облыстық басқармасының басшысы Роман Дудинді қызметінен босатты.
Зеленскийдің сөзінше, соғыстың алғашқы күнінен бастап Дудин өзінің жеке басын ғана ойлаған. Алайда Зеленский Дудин қандай қателікке жол бергенін нақтылап айтпады.
Украина президенті Харковь облысының әскері, полиция қызметкерлері бірлесіп жеңіс үшін күресіп жатқанын атап өтіп, десе де Украина Қауіпсіздік қызметі облыстық басқармасының жұмысына көңілі толмағанын жеткізді.
Зеленский сонымен қатар аймақтың үштен бір бөлігі қазір ресейлік әскердің бақылауында екенін мәлім етті.
Оставить комментарий