Копенгаген қаласында "Field's" сауда орталығында атыс болып, 3 адам қаза тапты, деп жазады BBC.
Жарылыстан тағы 3 адам жараланған. Жағдайлары ауыр деп бағаланып отыр.
Полиция қызметі қолында қаруы бар 22 жастағы ер адам ұсталғанын хабарлады.
Қамауға алынған азаматтың аты-жөні әзірге айтылмады. Оның этникалық дат екені ғана анықталған. Ұсталған азамат не себепті мұндай қадамға барғаны әзірге белгісіз.
Оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Оставить комментарий