Оралда ірі жол апаты 8 адамның өмірін қиды (видео)

/image/2022/07/18/crop-7_61_438x779_dtp-1.jpeg

Орал қаласындағы айналма жолда ірі жол апаты болып, салдарынан сегіз адам көз жұмды, оның екеуі бала. Бұл туралы Мой ГОРОД порталы хабарлады.

Жол апаты 18 шілдеде 2:22-де болған. Nissan автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі алдындағы көлікті басып озу кезінде қарсы жолаққа шығып, Lada  көлігімен соқтығысқан. Соңғысында бес ересек адам, екі бала отырған.

Lada  автокөлігіндегі бес адам жол-көлік оқиғасы орнында бірден тіл тартпай кетсе, "Nissan" жүргізушісі мен 10 және 11 жастағы екі бала ауруханада көз жұмған.

БҚО полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Мерхат Әженов Nissan автокөлігі Ресейде тіркелгенін, жүргізушінің көлік жүргізу тәжірибесі 2 жыл екенін хабарлады. 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи