Бас прокуратура: Қаңтар оқиғасы бойынша 83 қазақстандық сотталды

/image/2022/07/18/crop-10_9_430x764_130857874600.png

Қаңтар оқиғасы бойынша 83 адам бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Бас прокуратура бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, арнайы прокурорлар жаппай тәртіпсіздік бойынша 53, терроризм актісі бойынша 32 қылмыстық істі қарап жатыр. Елдің 8 аймағында 30 мыңнан астам тергеу жұмыстары жүргізіліп, 3 мыңнан астам сот медициналық сараптамасы жасалған. 

– Қазір 349 күдікті қамауда жатыр. Қаңтар оқиғасы бойынша жауапкершілікке тартылған 545 адамның 429-ының ісі қылмыстық іс бойынша сотқа жолданды, – дейді Елдос Қилымжанов.

Қилымжанов түрме мерзімін арқалағандар ғимараттарды қиратуға, өртеуге, қару-жарақ ұрлау, мемлекеттік мекемелер мен полиция қызметкерлеріне шабуыл жасауға қатысқандар екеніне сенімді. Ол мұның бәрі жеткілікті түрде тексерілгенін айтады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи