Зеленский опасыздық жасады деп қызметінен алынған бас прокурордың орнына жаңа адамды тағайындады

/image/2022/07/28/crop-16_7_436x774_b0c4855d518e42458dea96eed3369235.jpeg

Украина президенті Владимир Зеленский елдің бас прокуроры етіп Андрей Костинді тағайындады, деп жазады depo.ua порталы.

Бұған дейін Андрей Костин Жоғарғы рада құқықтық саясат комитетінің басшысы қызметін атқарған, Парламентте сот реформасына жауап берген.

Украинаның Жоғарғы радасының 299 депутаты Андрей Костиннің кандидатурасын қолдады.

Бұған дейін Владимир Зеленский елдегі Қауіпсіздік қызметі басшысы мен бас прокурорды ведомстволардағы мемлекеттік опасыздық деректері жиілеп кетуіне байланысты қызметінен қуған.

Зеленскийдің сөзінше, бұрынғы 60-тан астам қызметкер Ресей басып алған жерлерде Украинаға қарсы жұмыс істеген. Қазіргі уақытта ауызжаласты, мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен құқыққорғау органы қызметкерлерінің үстінен 651 іс қозғалған.

Оставить комментарий

Связанные Статьи