Индонезияның Бали аралында Үлкен жиырмалық елдердің көшбасшылары кездесті. Украина президенті Владимир Зеленский Балидегі "G20" саммитіндегі видеоүндеуінде Ресейдің Украинаға қарсы жойқын соғысын тоқтату керегін айтты, деп жазады "Украинская правда" басылымы.
"Мен қазір Ресейдің бізге қарсы жойқын соғысын тоқтатудың уақыты келді деп ойлаймын. Біз Ресейдің қайта күш жинауына жол бермейміз", деді Зеленский.
Оның айтуынша, "Минск-3" келісімі болмайды. Өйткені, осыған дейінгі Украинадағы қақтығысты тоқтатуға арналған екі "Минск келісімі" орындалмаған.
Сондай-ақ өз үндеуінде Зеленский Ресеймен тұтқындардың барлығымен алмасуды ұсынды.
Оставить комментарий