Жаңа жылдан бастап өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жалақысы өседі

/image/2022/11/15/1464690527_l.jpg
 

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың еңбекақылары 10-70 пайыз аралығында өседі. Бұл туралы төтенше жағдай министрі Юрий Илин хабарлады, деп жазады Информбюро сайты.

Ведомствоға қарасты қызметкерлердің жалақысын көбейту туралы алғаш үш жыл бұрын әңгіме қозғалғанда олар 65 мың теңге алып жүрген. Қазір қызметкердің төменгі жалақысы 110 мың теңге.

Енді қызметін жаңа бастайтын қызметкерлер жалақысы 70 пайызға арттырылғанда қолына шамамен 180 мың теңге алатын болады. Ал басшылық қызметтегілердің еңбекақысы тек 10 пайызға көбейеді. Министрліктің басқарушы құрамына кіретіндердің жалақысы мүлде өспейді.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи