Дональд Трамп 2024 жылғы президент сайлауына қатысу процедураларын бастады

/image/2022/11/16/crop-8_7_340x604__127599092_gettyimages-1244812713.jpg.webp
 

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп 2024 жылы болатын президент сайлауына қатысу ниетін анық білдірді.

Ол Флоридадағы резиденциясына жиналған жақтастарына сөз арнап, "Американың қайта оралуы қазіргі сәттен басталады" деді.

Ол Ақ үйде өткізген 4 жылын "бәрі гүлденіп еді" деп мақтанышпен еске алды.

Президенттік мерзімінің соңында коронавирустан кейін теңселген ел экономикасы қайта қалпына келе бастағанда Байден оны қайта құлдыратты деп санайды.

Трапм ел жағдайының қиындағанына соңғы 40 жылда болмаған инфляция мысал бола алады дейді.

Трамптың көмекшілері алда болатын сайлауға қатысуға ресми түрде құжат өткізді.

Дереккөз: ВВС

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи