"Аманат", "Ақ жол" және "Қазақстан халық партиясын" қаржыландыруға жылына 8 миллиард теңге бөлінеді

/image/2022/11/17/crop-2_72_390x693_1552976498_19kopbalaly1.jpg

Қазақстанда мәжілістегі үш партияны қаржыландыруға республикалық бюджеттен жыл сайын 8 млрд теңге қаражат бөлінеді. Бұл жөнінде қаржы министрі – премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.

Министр "Аманат" партиясына 1 млрд доллар бөлінеді деген ақпаратты жоққа шығарды. 

"Бұл шындыққа жанаспайды. Бізде партиялардың, Мәжілісте отырған барлық партияның қаржыландыруы туралы толық ақпарат бар. Заң жүзінде қабылданған белгілі бір есептеулер бар, солардың негізінде қаражат бөлінеді. Жалпы сома үш тарап үшін де 8 миллиард шамасында қаржы бөлінген. Бұл бір жылға арналған, республикалық бюджетте бар", - деді Жамаубаев. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи