Соңғы жылдары жастардың рухани дәстүрлерге, әсіресе дінге қызығушылығын байқауға болады. Түрлі жат ағымдарға ерген жастарымыз оқу мекемелерін тастап, салт-дәстүрімізге, ұлттық мейрамдарымызға қарсы шығып, үлкендерге құрмет көрсетуді дұрыс емес, харам дейтіндер де шығып жатыр. Осындай бір ағымдардың теріс пиғылды уағыздарының салдарынан отбасынан кетіп, түрлі психологиялық басымдылыққа тәуелді болып өз-өздеріне қол салып, әр түрлі жағымсыз жағдайларға тап болып жатқандарын байқап жүрміз.
Дәстүрлі емес діни ағымдардың көбеюi, біріншіден адамдардың діни сауатының жоқтығынан және сауатының аздығынан шығады. Көп жағдайда, қиыншылықтa жүрген, бiлімi aз адамдарды дәстүрлі емес діни ағымдарға тартуға тырысады. Себебі білімі таяз адамның сенгіш болатынын жақсы біледі. Ғаламтор кеңістігіндегі экстремистік идеялар тарататын сайттардың қолжетімді түрде бар. Бүгін 20-сы жабылса, жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақ сияқты 30-ы пайда болады. Елімізде ғаламтор қолданушылар саны 10 миллионнан асады. Ғаламторда неше түрлі ақпарат іздеу арқылы, діннен хабарсыз өз дінімді танығым келеді деген оймен, жастарымыз ғаламтор берттерінде жарияланған діни ақпараттардың ақ, қарасын білмей дұрысы осы екен деп, құрбаны болып, жастардың миын уландыру арқылы өздерінің ағымдарына шақыруымен айналысады. Осының салдарынан көптеген жастармыз тура жолдан тайып, өздерінің өмірлік ұстанымдары өзгеріп, психологиялық басымдылығының әсерінен бұрыс жолға кетіп жатыр.
Жүргізілген зерттеу жұмыстарының барысында, жастардың діни сауаттылығының төмен деңгейде екенін аңғаруға болады. Ата аналардың басым бөлігі өз балаларының тәрбиесімен айналыспай бей-жай қарап, барлық жүкті мектепке, оқу орнына итере салады. Қорыта келгенде, елдің жарқын болашағы үшін жастардың діни тұрғыдан дұрыс бағытта өсіп жетілуі өте маңызды. Қазіргі таңда, жастарымыздың жат ағымның жолына кетуінің басты себептерінің бірі, отбасыдан алынатын тәрбиенің жетімсіздігі болып табылады.
Отбасынан аламаған қажеттіліктерін басқа жерден іздеген жастардың тағдыры келеңсіз жағдайларға соқтыртып жатады. Бала отбасынының айнасы. Отбасы қоғамның алғашқы ұясы болғандықтан, оны нығайту керек, тәрбиелік мәнін арттырып, қоғамның басты және ерекше назарында болуы керек. Отбасының басты миссиясы баланы өмірге әкелу ғана емес, балаға мәдени, әлеуметтік ортаның құндылығын қабылдату, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу. Сондықтан aта ананың тәрбиесiн oрнын еш нәрсе тoлтыра aлмaйды.
Абзал Ауельбеков
ҚБ «Адам және қоғам» Үкіметтік емес ұйымының өкілі
Оставить комментарий