"Күшім қалмады": Әлемдегі ең жас премьер-министр Джасинда Ардерн отставкаға кететінін мәлімдеді

/image/2023/01/19/crop-22_50_1423x2529_zgsyrtor5botpgedljtycwz32a-mk-scaled.jpg

Жаңа Зеландияның премьер-министрі Джасинда Ардерн отставкаға кететінін мәлімдеді. Ол отставкаға кету себебін "қызметімді жалғастыра беретін болсам, пайдамнан гөрі зиянымды тигіземін" деп түсіндірді, деп жазады BBC. 

42 жастағы Ардерн премьер-министрлік болған 6 жыл өте ауыр өткенін, қызмет өзін қажытқанын жеткізді. Ол 7 ақпанға дейін Лейбористтік партиядағы орнын босатады. Жақын арада премьер-министрді тағайындау бойынша дауыс беру өтеді. Ал 14 қазанда Жаңа Зеландияда жалпы сайлау өтетін болады. 

Ардерн шешімді жазғы демалыс кезінде қабылдағанын айтты.

"Қызметімді әрі қарай жалғастыру үшін күш-жігерім жетеді деп ойладым. Алайда үмітім ақталмады. Егер қызметімді жалғастыра беретін болсам, еліме зияным тиеді. Себебі менің күшім қалмады", дейді Джасинда Ардерн. 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи