20 қаңтарда заңгер Сержан Пралиев әскерге шақырылушынының өзіне қол жұмсау фактісіне байланысты қылмыстық іс бойынша баспасөз мәслихатын өткізіп, тергеу барысында анықталған кей жайттар туралы хабарлаған болатын. Ішкі істер министрлігі адвокат әрекетін қызметтік этика нормаларын бұзу деп бағалап отыр.
"Ол өз тұжырымдары мен шындыққа сәйкес келмейтін жорамалдарын қосып, қылмыстық істің деректерін жария етті. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жариялауға жатпайды” делінген ақпаратта.
Оставить комментарий