«Бірыңғай сатып алу терезесі» жобасын іске асыру аясында 7 миллиард теңгеден астам қаражат үнемделді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі Қоғамдық кеңесінің 1-ші көшпелі отырысы барысында хабарланды.
Отырыс барысында Алматы қаласының қоғам өкілдерін Агенттік пен азаматтық сектордың бірлескен жұмысы нәтижелерімен таныстырды.
Бүгінгі таңда жұртшылықпен жұмыс барысында Қоғамдық кеңестің қатысуымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасының әрбір саласы бойынша жұмыс топтары құрылып, қазірде жекелеген салаларда оң нәтижелер бар.
Мәселен, жер қатынастары саласында 1,2 млрд. теңге сомасына 16 гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылған.
Қоғамдық кеңес төрағасы Марат Башимов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қоғаммен сындарлы әріптестігінің маңыздылығын атап өтті.
Өз кезегінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малахов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтық қоғамның ресурстарын пайдалану қажеттігін атап өтті.
– Бұл тәжірибенің артықшылығы – өзара ақпарат алмасу, нақты шешімдерді бірлесіп талқылау және әзірлеу, бағдарламаларды кешенді әзірлеу және нормативтік актілерге қоғамдық сараптама жүргізу. Жұртшылықпен үйлесімді жұмыс экономикалық және әлеуметтік мәселелерді жедел қарауды және сапалы шешуді қамтамасыз етеді, – деді ол.
Қазіргі уақытта картаға 6 сала кірген: Құрылыс және тұрғын үй, экономика және қаржы, экология, жер, фискалдық және әлеуметтік салалар.
Қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство атап өткендей ағымдағы жылы департамент жұмысының негізгі бағыты экология саласындағы проблемалық мәселелерді шешуге бағытталатын болады.
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Оставить комментарий