Түркияның шығыс аймағындағы Малатья првинциясында 5,6 баллдық зілзала болды, деп жазады Anadolu агенттігі. Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасы (AFAD) жер сілкінісі салдарынан 25 үйдің құлағанын хабарлады.
Жер сілкінісі жергілікті уақыты бойынша сағат 12:00-де шамамен 5 метрлік тереңдікте болған. Ресми дерекке сүйенсек, зілзаладан 1 адам мерт болып, 69 адам жарақат алған.
Апат болған аймақта құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. AFAD халықты зардап шеккен ғимараттардан алыс болуға шақырды.
Оставить комментарий