Мексикада 6,2 баллдық зілзала болды

/image/2023/03/02/crop-13_8_484x861_tass_18062915_0.jpg

Мексиканың оңтүстігінде 6,2 баллдық жойқын зілзала болды.  Жер сілкінісінің жергілікті уақыт бойынша кеше сағат 22:40-та Арриага қаласынан солтүстікке қарай 10 км жерде болғандығы хабарланды. 

АҚШ-тың геологиялық қызметі мен Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) жер сілкінісінің магнитудасын 5,7 деп бағалады. Американдық сейсмологтардың айтуынша, жер сілкінісінің ошағы 87,7 км тереңдікте болған.

Жер сілкінісінен зардап шеккендер туралы ақпарат жарияланбады. Сондай-ақ бүгін Индонезия жағалауында 5,7 баллдық зілзала тіркелген. 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи