Еділ Жаңбыршин: Маңғыстауда жарылайын деп тұрған "жара" көп

/image/2023/04/12/crop-7_90_666x1184_6436415e75e94464380968.jpg

Бүгін депутат Еділ Жаңбыршин мәжілісте Маңғыстаудағы мәселені көтерді. Ол батыс өңірлердегі  мұнай-газ кәсіпорындарында қызмет көрсететін сервистік компаниялар жұмысшыларының ереуілі жиілегенін айтып, аймақтағы өзекті мәселелерді шешуді талап етті. 

"Кешегі сайлауалды үгіт-насихат кезінде бірнеше сервистік компаниялар «Самұрық-Қазына» Әл-Ауқат Қорының» Ережелерінің талаптарының ескіргенін және қазіргі жағдайға сәйкес келмейтінін айтып, шағымданған болатын. Алайда жыл сайын өтетін тендерлердің кесірінен контракт ала-алмай қалса немесе баға демпингісінен контракт сомасы едәуір төмендесе 90% жұмысшылары жұмыссыз қалайын деп отыр. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады", деді Еділ Жаңбыршин.

Бұдан бөлек депутат бұған дейін де Маңғыстаудағы жұмыссыздыққа қатысты мәселе көтерілгенін, алайда жергілікті атқарушы билік тарапынан жүйелі жұмыс жасалынбағанын айтты. 

"Маңғыстауда жарылайын деп тұрған "жара" көп. Оларды кешенді түрде «емдеумен» айналыспаса, дау-дамай әрі қарай жалғасып, ушыға береді. Үкімет комиссиясын құру жөнінде Сізге хат та жолдадық. Оған әлі жауап бермедіңіз. Қашанғы көзді жұмып, құлақты бітеп, ауызды буып отыра бересіздер?! Мәселені шешетін уақыт өтіп бара жатыр. Ертең, "қолымызды мезгілінен кеш сермедік"  деп жүрмеңіздер", деді депутат. 

Сондай-ақ Еділ Жаңбыршин тендерлердің әділетсіз өтуі, жемқорлық, тарифтердің төмендігі, баға демпингісі секілді мәселелер жұмыссыздықты жоюға кедергі келтіріп отырғанын айтып өтті. 

Сөз соңында депутат Конституцияға сәйкес еліміздің байлығы халыққа тиесілі, яғни қазба байлық тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға қызмет етуі керек екенін айтты.

"Сондықтан «Самұрық-Қазына» Әл-Ауқат Қоры» және оның портфельдік компаниялары жаңаша, ашық, әділ жұмыс жасап, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға нақты қадамдар жасасын",- деді депутат.

Оставить комментарий

Связанные Статьи