Атырауда журналист Виктор Сутягиннің көлігін белгісіз біреулер өртеп жіберген. Журналист күдіктінің қасақана түн ортасында келгенін видеоакамерадан көрген.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп, полиция тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатқанын хабарлаған.
Полиция мәлімдеуінше, өрт таңғы сағат 04:21 шамасында орын алған. Күдіктінің кім екені әзірше белгісіз.
Оставить комментарий