Полиция Инга Иманбайға айыппұл салды

/image/2023/05/11/crop-11_6_213x379_24170b21-0576-4ac8-ad4d-311cbbeafa82.jpeg

11 мамырда Алматыда полиция журналист әрі азаматтық белсенді Инга Иманбайды "қоғамдық бірлестіктер туралы заңнаманы бұзды" деп айыптап, 172 500 теңге көлемінде айыппұл салды.

Бұл жөнінде белсендінің өзі хабарлады. Оны 1 сәуірде Алматыда өткен "Халық парламентінің" алғашқы жиынына қатысқаны үшін айыптаған.

"Бұрын митингіге шыққандарды соттайтын, қазір тіпті жабық жерде жиналыс өткізгені үшін де жазалайтын болған ба мыналар?" деп жазды белсенді Facebook-тегі парақшасында.

Еске сала кетейік, бір күн бұрын полиция "Демпартия" белсендісі Аружан Дүйсебаеваға осы жиын үшін айыппұл салған болатын. 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи