АҚШ Қырғызстанға санкция салмақ. Бұл туралы The Washington Post хабарлады. Басылымның хабарлауынша Қырғызстан Ресейге тыйым салынған заттар тасымалдаған.
Осыған байланысты Ақ үй Қырғызстанға қарсы шара қолдануы мүмкін. Қырғызстан ресейлік компанияларға қос мақсаттағы тауарларды, соның ішінде қытайлық дрондарды жеткізген.
"Байден әкімшілігі мұндай сауданы тоқтатуға мәжбүрлеу үшін жаңа экономикалық шаралар дайындауда", - делінген басылымда.
Қырғызстанның Вашингтондағы елшілігі WP сауалына жауап ретінде ел басшылығы контрабандаға және басқа да заңсыз саудаға қарсы күресте халықаралық ережелерді сақтауға міндеттелетінін мәлімдеді.
Оставить комментарий