Қытай соты пара алған шенеунікті өлім жазасына кесуді қарастырып жатыр

/image/2023/07/27/crop-0_23_450x800_0eeff70a-b64e-4fc8-9e21-048d9d5cc45c.jpeg

Ханчжоу коммунистік партия комитетінің бұрынғы басшысы Чжоу Цзяньён 182 миллион юань (25 миллион долларға) пара алды деген айыппен өлім жазасына кесілді. Бұл туралы қытайлық  South China Morning Post басылымы хабарлады.

Тергеу нәтижесінде Чжоу Цзяньённің жер мәселесін шешіп, құрылыс жобаларын жасау үшін пара алғаны анықталды. Шенеунік сыбайлас жемқорлықты 2001 жылы аудан әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тұрған кезден бастаған.

Басылым 56 жастағы бұрынғы партия қызметкерінің өлім жазасы өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылуы ықтимал деп жазды.

Сонымен қатар, ол өмір бойы саяси құқықтарынан айырылып, мүлкі тәркіленеді.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи