Теміртаулықтар үш аптадан бері сусыз отыр

/image/2023/08/03/crop-69_39_309x549_758ec180-5f4f-45cf-bc86-26422cc7bd5f.jpeg

Теміртауда 3 апта бұрын ескі су құбыры жарылған. Соның салдарынан су күніне 3 сағатқа ғана қосылады.

Құбырды жөндейтін компания әлі анықталмағандықтан, шенеуніктер судың қашан тұрақты берілетінін айта алмай отыр.

"Біз тендер қорытындысын күтіп отырмыз. Қарағанды-Теміртау су құбырының 27 шақырымға дейінгі жобасын дайындап жатырмыз. Жоба іске асқаннан кейін жаңа құбыр тартылып, су графикпен берілмейтін болады", - деді қала әкімінің орынбасары Ринат Қыдырбеков.

Су мұнда кешкі сағат 21:00 мен 23:00 аралығында ғана беріледі. Құбыр жарылғалы бері қала дүкендерінде ауыз су екі есеге қымбаттаған.

 

Дереккөз: informburo.kz

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи